Accessibility links

Обама Манделаны жерлеу шарасына ұшып кетті


Жұмысшылар ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделаның суретін салынған баннерді іліп жатыр. Париж, 6 желтоқсан 2013 жыл.
Жұмысшылар ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделаның суретін салынған баннерді іліп жатыр. Париж, 6 желтоқсан 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Нельсон Манделаны жерлеу алдындағы шараларға қатысу үшін кеше Вашингтоннан Йоханнесбургке ұшып кетті.

Барак Обамамен бірге Оңтүстік Африка Республикасына (ОАР) оның әйелі Мишель Обама, сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш пен оның әйелі Лора Буш және экс-президент Билл Клинтонның әйелі Хиллари Клинтон да кеткен. Билл Клинтонның өзі ОАР-ға Рио-де-Жанейродан барады. Йоханнесбургке АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер де барады. Бұрынғы президент, 89 жастағы үлкен Джордж Буш денсаулық жағдайына байланысты Манделаны жерлеу шараларына қатыса алмайды деп хабарланды.

ОАР сыртқы істер министрлігі Манделаны жерлеу шараларына 70-ке тарта мемлекет және үкімет басшылары келетінін хабарлаған.

20 ғасырда Оңтүстік Африка республикасында апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген, ОАР-дің қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы 5 желтоқсанда ОАР президенті Джейкоб Зума жұртшылыққа естірткен.

Нельсон Манделаны жерлеу рәсімі 15 желтоқсанда өтпек.
XS
SM
MD
LG