10 желтоқсан күні дүние жүзі мемлекеттері халықаралық адам құқықтары күнін атап өтіп жатыр.
Арменияда оппозициялық топтар бүгін Ереванда адам құқықтары мәселелерін көтеріп митинг өткізбек. Пәкістанда билік азаматтарды адам құқықтары күнін қауіпсіздік, бейбітшілік және елдің көркеюіне бағытталған шараларға қатысу арқылы атап өтуге шақырып отыр.
Қазақстанда бүгін Атырауда адам құқықтарын қорғаушы белсенділер Нидерланд корольдігінің қолдауымен адам құқықтарына арналған семинар мен фотокөрме өткізетін болған. Бірақ іс-шаралар өтетін қонақ үй басшылығы кеше оны өткізуден аяқасты бас тартты.
БҰҰ Бас ассамблеясы 1950 жылы 10 желтоқсанды Адам құқықтары күні деп жариялаған. Ал 1948 жылы 10 желтоқсанда Бас ассамблея Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияны қабылдаған еді.