Accessibility links

Ресей Арктикада әскери қуатын арттырмақ


Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіндегі кездесуде. Мәскеу, 10 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіндегі кездесуде. Мәскеу, 10 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Арктикадағы әскери қуатын арттыру жөнінде тапсырма берді. Қорғаныс министрлігіндегі кездесуде Путин "мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық тетіктері болуы тиіс" деді. Оның сөзіне қарағанда, Ресей Совет Одағы құлағаннан кейін көңіл бөлмей кеткен Арктикаға бірнеше жыл өткеннен кейін қайта назар аударып отыр.

Арктикаға, әсіресе оның табиғи қазба байлықтарын Ресейден өзге Канада, Норвегия және Дания да иеленгісі келеді. Канада өткен аптада БҰҰ-ға Солтүстік полюс пен оның маңындағы аймақтардағы құқықтары туралы сұрау салатынын мәлімдеген еді.

Путиннің айтуынша, Арктикада келесі жылы Ресейдің "ең ірі әскери бөлімі мен дивизиясын жасақтау жұмысы аяқталады, ол құрылымдар үнемі әскери дайындықта болады".
XS
SM
MD
LG