Accessibility links

Украина грузин журналистеріне елден кетуді бұйырды


Шерушілер мен милиция. Киев, 11 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Шерушілер мен милиция. Киев, 11 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина билігі Киевтегі "Еуромайдан" акцияларынан хабар таратып жүрген грузиялық журналистерге дереу елді тастап шығуды бұйырды. Грузияның Tabula телеарнасының хабарлауынша, "Украинаның қауіпсіздік және иммиграция қызметінің офицерлері 10 желтоқсанда телеарнаның екі журналисіне бір тәулік ішінде елден кетуді бұйырып, оны орындамаған жағдайда күшпен шығарылатындарын ескерткен".

Телеарна таратқан ақпаратқа қарағанда, қауіпсіздік қызметкерлері журналистерге "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін" елден кетуді бұйырған. Бірақ бұйрықтың жазбаша нұсқасын көрсетпеген.

Журналистер қауіпсіздік қызметі таққан айыпты мойындамай, жазбаша бұйрық алмайынша Украинадан кетпейтіндерін айтады.

Tabula телеарнасы Киевте Украинаның Еуропа одағымен интеграциялануын талап еткен демонстрациялар мен акциялар басталғалы бері наразылық танытушылар мен полиция арасындағы қақтығыстардан тікелей хабар таратып келеді.
XS
SM
MD
LG