АҚШ Сирияның солтүстігінде үкімет әскерімен соғысып жатқан исламшыл көтерілісшілерге барлық әскери емес көмек түрлерін беруді тоқтатты. АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі өкілінің хабарлауынша, бұған исламшылдардың Батыс қолдайтын "Еркін Сирия армиясына" қарсы іс-әрекеті себеп болған.
Құрамына алты негізгі исламшыл көтерілісші топ кіретін "Ислам майданы" Түркиямен шекараны кесіп өтіп, 6 желтоқсанда Сирияның солтүстік-батысындағы оппозицияның Баб әл-Хава базасын алған еді. Бұған дейін Сирияда ислам мемлекетін құруды көздеген "Ислам майданы" "Еркін Сирия армиясы" басшылығын мойындамайтынын мәлімдеген.
"Ислам майданы" бірлестігіне "Ирак және Левант ислам мемлекеті", "Әл-Нусра майданы" сияқты "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтар кірмейді. Оппозициялық күштердің алауыздығы Сирия үкіметі әскерінің шабуылы кезінде күшейіп отыр.