Accessibility links

Пәкістанда "Құранды қорлады" айыбымен бір адам мерт болды


Құран. (Көрнекі сурет)
Құран. (Көрнекі сурет)
Пәкістан үкіметінің хабарлауынша, Кветтада ызалы топ "Құранды қорлады" деген айыппен бір адамды өлтіріп, үш адамды мертіктірді. Белуджистан провинциясы билігі өкілінің хабарлауынша, оқиғаға Кветтадағы көкөніс базарларының бірінен Құран парақшаларына оралған ирандық анарлар салынған жәшік табылуы себеп болған.

Наразы топ шииттерге қарсы ұрандар айтқан. Иран халқының басым көпшілігі - шиит мұсылмандары. Азаттықтың Белуджистан провинциясындағы тілшісінің хабарлауынша, консервативті шииттік "Ахл-е-Суннат уал-жамаат" партиясының жақтастары да билікті "Құранды қорлау" оқиғасына қатысты шара қолдануға шақырып, наразылық акциясын өткізіп жатыр.

Партия өкілдері Құран парақшаларына оралған жемістер Пәкістанға жеткізіліп қойғанын айтады. Жергілікті полиция "Құранды қорлау оқиғасы" Кветтадағы шииттерге қарсы бағытталған арандату әрекеттері болуы мүмкін екенін айтады.
XS
SM
MD
LG