Accessibility links

Грузия депутаттары Украинаға бола төбелесті


Грузия парламентінің депутаты Георгий Барамидзе.
Грузия парламентінің депутаты Георгий Барамидзе.
Грузия парламентінде 11 желтоқсанда Украинадағы саяси дағдарысқа байланысты талқылаудың соңы депутаттардың төбелесіне ұласты.

Жанжалға оппозициялық "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының өкілі Георгий Барамидзенің Грузияның Украинадағы Еуропамен интеграцияны талап етуші демонстранттарды қолдайтыны және Киевте милиция жасағының "Еуромайдан" акциясын күшпен тарату әрекетін айыптайтыны туралы қарар қабылдау туралы ұсынысы себеп болған.

Биліктегі "Грузия арманы" партиясының депутаты Сосо Джачвлиани Барамидзені балағаттап, керісінше 2007 жылы қарашада және 2011 жылы мамырда Тбилисидегі оппозицияның наразылық акцияларын күшпен таратылғанын айыптайтын қарар қабылдауды ұсынды. Бұдан соң Барамидзе Джачвлианиге және жанжалға араласқан өзге бірнеше депутатқа жұдырық жұмсады. Парламент спикері Давид Усупашвили бұдан соң үзіліс жариялауға мәжбүр болды. Оппозициялық партия депутаттары қайта жалғасқан парламент отырысына қатысудан бас тартып, залдан шығып кетті.

Украинадағы саяси жағдайға қатысты қарар жобасында Грузияның Украинаның Еуропа одағымен интеграциясын қолдайтыны, "Ресейдің Украинаға қысым көрсетіп отырғаны" да айтылады.
XS
SM
MD
LG