Accessibility links

Иран қамаудағы словак парапланшыларын босатты


Иранда ұсталған словакиялық сегіз парапланшылардардың алтауы (суретте) қыркүйекте босатылған.
Иранда ұсталған словакиялық сегіз парапланшылардардың алтауы (суретте) қыркүйекте босатылған.
Иран билігі елде тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған словакиялық екі парапланшыны босатты.

Ирандық "IRNA" агенттігінің хабарлауынша, Иран заңдарын бұзды деген айыппен қамалған Словакияның екі азаматы босатылып, өз елдерінің елшіліктеріне тапсырылған.

Словакияның сегіз парапланшысы мамыр айында Иранның ядролық нысандары орналасқан Исфаханға жақын жерде парапланмен ұшып жүріп суретке түсіргені үшін тұтқындалған еді. Иран билігі әсіресе олардың шағын радиостанцияны қолданғанын айғақ ретінде атаған.

Ұсталғандардың алтауы қыркүйекте босатылған. Парапланшылар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.
XS
SM
MD
LG