Accessibility links

Пәкістанда вакцина салушыларды күзеткен полицейлер оққа ұшты


Пәкістанда балаларға полиомиелит індетіне қарсы вакцина тамызып жүрген гуманитарлық ұйым өкілдері мен полицейлер. Исламабад, қараша, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Пәкістанда балаларға полиомиелит індетіне қарсы вакцина тамызып жүрген гуманитарлық ұйым өкілдері мен полицейлер. Исламабад, қараша, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында белгісіз қарулы адамдар тұрғындарға полиомиелит індетіне қарсы вакцина салатын гуманитарлық ұйым қызметкерлерін күзететін екі полицейді атып кеткен. Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы - Пешавардың солтүстік бөлігінде болған. Полицейлерді атқандар дереу бой тасалап үлгерген. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін радикалды исламшылдар елдегі вакцина салумен айналысатын гуманитарлық ұйымдардың өкілдеріне бірнеше рет шабуыл жасаған еді. Осыған байланысты гуманитарлық ұйымдар қызметкерлерін қорғау үшін оларға арнайы полиция бекітілген.

Вакцина салуға қарсы исламшыл топтар "Батыс елдері емдеу жұмыстарын сылтауратып Пәкістанда тыңшылықпен айналысады және вакцинаның пәкістандықтарға қарсы әсері бар" дейді.

Пәкістан - әлемдегі полиомиелит ең көп тараған елдердің бірі.
XS
SM
MD
LG