Accessibility links

Мәдениет және өнер саласының өкілдері марапатталды


Астана қаласы. (Көрнекі сурет)
Астана қаласы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада бір топ мәдениет және өнер саласының өкілдеріне "Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері" құрметті атағын тапсырды.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, наградаға әнші, "Қарақат" мектеп студиясының бас директоры Қарақат Әбілдина, "Мюзикола" дуэтінің солисі, әнші Карина Абдуллина, әнші Нұрлан Әлімжанов, Қазақстан Республикасы президентінің телеаридокешені" мекемесінің директоры Ерлан Бекхожин, жазушы Смағұл Елубай, ақын Ұлықбек Есдәулет және бірнеше адам ие болған.

Бұған дейін президент өз жарлығымен ақын, Қазақстанның Франциядағы елшісінің кеңесшісі Олжас Сүлейменовке Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын берген.
XS
SM
MD
LG