Йеменде АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшағынан жасалған шабуылдан 15 адам қаза тапты. France Press агенттігінің хабарлауынша, әуе шабуылы 12 желтоқсанда елдің орталығындағы әл-Байда провинциясында үйлену тойы кортежіне жасалған.
Жергілікті қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, әуе шабуылында қаза тапқандар "Әл-Қаида" ұйымының мүшелері деген күдікпен нысанаға алынғанымен, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар болып шыққан.
АҚШ Араб түбегінде "Әл-Қаида" мен оның әскери қанатына қарсы күресте пилотсыз ұшақтарды жиі пайдаланады. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы қазан айында Йеменде АҚШ пилотсыз ұшақтары мен зымырандарынан жасалатын шабуылы салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтқан.