Accessibility links

Ангела Меркель үшінші рет канцлер болып сайланды


Бундестагтағы дауыс беру нәтижесі жарияланып, Германия канцлері болып қайта сайланған Ангела Меркель депутаттар алдында. Берлин, 17 желтоқсан 2013 жыл.
Бундестагтағы дауыс беру нәтижесі жарияланып, Германия канцлері болып қайта сайланған Ангела Меркель депутаттар алдында. Берлин, 17 желтоқсан 2013 жыл.
Германия парламенті (бундестаг) Ангела Меркельді үшін рет канцлер қызметіне сайлады. Жасырын дауыс беру қортындысы бойынша, 621 депутаттың 462-сі Меркельді қолдап дауыс берген.

Бүгін жаңа үкімет ант беру рәсімінен соң алғашы отырысын өткізеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі уақыт ішінде Германияда осымен үшінші рет «үлкен коалиция» үкіметі құрылып отыр. Оның құрамына Меркельді қолдайтын Христиан-демократиялық партия мен Баварияның Христиан-әлеуметтік одағы блогы және Германия социал-демократиялық партиясы кіреді.

Жаңа үкіметте 16 министрлік қызметтің алтауы социал-демократтарға берілмек. Партия жетекшісі Зигмар Габриель канцлер орынбасары әрі экономика және энергетика министрі лауазымын иеленеді деп хабарланды.

Меркель сайлау өткен 22 қыркүйектен бастап «үлкен коалиция» құру туралы келіссөздер жүргізген еді. 14 желтоқсанда Германия социал-демократиялық партиясы өз тарихында алғаш рет өткізген партиялық ішкі референдум нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан партия мүшелерінің 76 пайызға жуығы коалиция құру туралы бастаманы қолдаған.

Ангела Меркель 2005 жылдан бері Германия канцлері қызметінде отыр.
XS
SM
MD
LG