Accessibility links

Ұлыбритания: Диананың өлімін қайта зерттеуге негіз жоқ


Ұлыбритания ханшайымы Диана (1961-1997 жж.). Сурет 1997 жылы 1 шілдеде түсірілген.
Ұлыбритания ханшайымы Диана (1961-1997 жж.). Сурет 1997 жылы 1 шілдеде түсірілген.
Ұлыбритания полициясы Диана ханшаймның қазасын қайта тексеруге "жеткілікті дәлел жоғын" айтады.

Биыл тамыз айында Лондон полициясының өкілдері ханшайымның қазасына қатысты жаңа деректер туралы айтқан еді. Ол ақпаратта Диананың қазасына әскери арнайы қызмет адамының қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылған. Бірақ қазір полиция бұл ақпаратты растайтын айғақ-дәлел табылмағанын айтып отыр.

Ұлыбританияның тақ мұрагері Уэльс ханзадасы Чарльздың зайыбы болған Диана ханшайым (Диана Фрэнсис Спенсер) египеттік миллиардердің ұлы Доди әл-Файед және көлік жүргізуші Анри Польмен бірге 1997 жылы 31 тамызда Парижде автокөлік апатынан қаза тапқан.

Диананың қазасы жұрт арасында "оның ажалы кездейсоқ емес" деген мазмұндағы түрлі қауесет тудырды. 2008 жылы Лондон Жоғарғы соты ханшайым мінген автокөлік апатына жүргізушінің өрескел қателігі себеп болған деген тұжырым жасаған еді.
XS
SM
MD
LG