Accessibility links

Ресей мемлекеттік думасы бүгін ел конституциясының 20 жылдығына орай президенттің рақымшылық жасау туралы жобасын екінші оқылымында мақұлдады. Құжат енді ресми түрде жарияланғаннан соң - осы аптаның соңына дейін күшіне енеді.

Президент Владимир Путиннің 9 желтоқсанда парламентке ұсынған жобасына 50-ден астам түзету ұсынылып, думаның қылмыстық заңнамалар жөніндегі комитеті олардың көпшілігін қабылдамай тастаған. Комитет қабылдамаған ұсыныстар арасында "Справедливая Россия" және Ресей Коммунистік партияларының фракциялары ұсынған "Болотная ісі" бойынша сотталған барлық тұтқынды босату туралы түзету де бар.

Құжат бойынша, бұл жолғы рақымшылық ауыр емес және орташа ауыр қылмыс бойынша сотталғандар мен тергеуге алынғандарға жасалады. Бұған қоса кәмелетке толмағандар, мүгедектер, зейнеткерлер, аяғы ауыр және кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер де рақымшылыққа ілігеді.

Кейбір есептеулер бойынша, рақымшылықпен 10 мыңнан 25 мыңға дейін тұтқын босатылуы мүмкін. Бірақ құқық қорғаушылар кейбір қылмыс түрлеріне қолданылмайды деп, рақымшылық заңын сынға алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG