Accessibility links

Мұхаммед Мурсиге терроризмге қатысты айып тақты


Мұхаммед Мурсиді көлікпен сотқа әкеле жатыр. Каир, 4 қараша 2013 жыл.
Мұхаммед Мурсиді көлікпен сотқа әкеле жатыр. Каир, 4 қараша 2013 жыл.
Египет прокурорлары бұрынғы президент Мұхаммед Мурси мен исламшыл 34 адамды "елде террорлық актілер жасау үшін шетелдік ұйымдармен астыртын сөз байласты" деп айыптап, сотқа тартуды бұйырды.

Прокурорлардың айтуынша, ұсталғандар 2011 жылдың басында Хосни Мүбәракқа қарсы халық толқулары кезінде "жаулық іс-әрекеттер жасау үшін" ливандық ХАМАС ұйымымен астыртын сөз байласқан. Айып 2011 жылғы толқу кезінде Мурси мен топтың өзге де мүшелері босап шыққан түрмеден қашу оқиғасымен байланысты тағылып отыр.

Мурси қазір 2012 жылы президент болып тұрған кезінде президент сарайының маңында болған шерушілерді "қылмыс жасауға арандатты" деген айыппен сотқа тартылып жатыр.

2012 жылы жазда Египет президенті болып сайланған Мұхаммед Мурсиді 2013 жылы шілде айында әскерилер биліктен шеттеткен еді. Ол содан бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG