Accessibility links

Баку: Сайлауды бақылайтын ұйым басшысы қамалды


Әзербайжандағы Сайлауды бақылау және демократиялық зерттеулер институтының басшысы Анар Мамедли.
Әзербайжандағы Сайлауды бақылау және демократиялық зерттеулер институтының басшысы Анар Мамедли.
Әзербайжандағы Сайлауды бақылау және демократиялық зерттеулер институтының басшысы Анар Мамедлидің үстінен «салық төлеуден жалтарды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін сайлау нәтижелерін бұрмалауға пайдаланды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Әзербайжан бас прокуратурасының хабарлауынша, Анар Мамедли АҚШ-тың Ұлттық демократиялық институтынан грант алған. Ол тергеу жұмыстарына байланысты үш ай қамауда отырады.

АҚШ-тың Бакудегі елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары өкілдігі Анар Мамедлидің қамауға алынуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Мамедли басқарған Сайлауды бақылау және демократиялық зерттеулер институты биыл күзде Әзербайжанда өткен сайлауға бақылау жасап, дауыс беру және оны санау кезінде заң бұзу оқиғалары болғанын хабарлаған еді. Жақтастары билік көп жылдар бойы Мамедли мен оның ұйымының қызметін тоқтатуға тырысып келгенін айтады.

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер бойынша комитеті Әзербайжан билігін Мамедлиді дереу босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG