Accessibility links

Ресей: Асадты президент сайлауынан сақтандырдық


Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад.
Ресей Сирия президенті Башар Асадқа 2014 жылғы президент сайлауына түсу ниеті келер жылы қаңтарда Женевада өтетін Сириядағы жағдайға қатысты бейбіт конференцияға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богдановтың мәлімдеуінше, Женевадағы жиын алдында келіссөздерге кері әсер ететін қандай да бір оғаш пікірдің айтылмағаны жөн.

Сириядағы дағдарыс бойынша Башар Асад билігін жақтап келе жатқан Мәскеудің мұндай сын айтуы өте сирек болатын оқиға.

Сирия президентінің өкілдері бұған дейін Башар Асадтың 2014 жылғы президент сайлауына түсу ниеті барын бірнеше рет айтқан еді. Қазан айында телеарнадан сөйлеген Асадтың өзі "алдағы жылы өтетін сайлауға қатыспай қалатындай ешқандай себеп жоқ" екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG