Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарулы күштердің 20 офицерін БҰҰ миссияларына бақылаушы ретінде жіберу туралы ұсынысты парламенттің қарауына енгізді. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков хабарлады.
"Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау міндеттемемізді орындау үшін Қазақстан қарулы күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның Гаити, Батыс Сахара, Кот-д'Ивуар және Либериядағы миссияларының әрқайсысына 5 адамнан жіберу туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын" деді Жақсыбеков.
Министрдің айтуынша, БҰҰ миссиясына әскерилерді іріктеу ерікті түрде жүргізіледі.