Египет соты 2011 жылы Хосни Мүбәрәкты биліктен кетірген халық толқуларында маңызды рөл атқарған үш белсенді Ахмед Махер, Ахмед Дума және Мұхаммед Адельді үш жылға бас бостандықтарынан айырды.
Үш белсенді "демонстрация өткізу құқығын шектейтін заңды бұзып, рұқсат етілмеген митингі өткізді" деп айыпталды. Оларға "полицейлерге шабуылдады" деген де айып тағылды.
Биыл шілдеде демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурси биліктен кетті. Содан бері исламшыл емес белсенділер алғаш рет сотталып отыр. Көптеген құқық қорғаушылар бұл істі "биліктің демонстранттарға қарсы қудалауды күшейткенін көрсетеді" деп бағалайды.
Сотталған белсенділердің үшеуі де Хосни Мүбәрәк тұсында танымал диссидент болған. Олар Мурсиді де "2011 жылғы төңкерістің мақсат-мұраттарын аяққа таптады" деп айыптап, оның биліктен кетуін қолдаған.