Accessibility links

"Әл-Қаида" Иемендегі шабуылға кешірім сұрады


Иемен денсаулық сақтау министрі Ахмад әл-Анси "Әл-Қаида" шабуылынан жараланған офицердің жанында отыр. Сана, 6 желтоқсан 2013 жыл.
Иемен денсаулық сақтау министрі Ахмад әл-Анси "Әл-Қаида" шабуылынан жараланған офицердің жанында отыр. Сана, 6 желтоқсан 2013 жыл.
"Әл-Қаида" жауынгерлері 5 желтоқсанда Иеменде әскери ауруханаға шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрады.

"Араб түбегіндегі Әл-Қаида" ұйымы 52 адам қаза болған шабуылды бірден мойнына алған. Бірақ 21 желтоқсанда таратқан бейнетаспада топ басшысы Кассим әл-Рими сарбаздарына негізінде әскери кешен аумағындағы ауруханаға тиіспеуге бұйрық берілгенін мәлімдеді.

Әл-Римидің айтуынша, оның тобы "қатесі мен айыбын мойындап отыр". Ол шабуылға бұйрықты тыңдамаған сарбаздарының бірін айыптады.

Шабуылдан қаза тапқандар арасында шетелдік дәрігерлер, оның ішінде Филиппин, Германия, Вьетнам және Үндістан азаматтары бар.

Әл-Рими шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, өз ұйымы оларға жақындарының қазасы үшін қаржылай көмек беретінін айтты. Бірақ ол Иеменде "жиһад жалғаса беретінін" де ескертті.
XS
SM
MD
LG