Accessibility links

Иран: Келіссөздер Рождестводан соң жалғасады


Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи.
Иранның ядролық бағдарламалар бойынша келіссөздерін жүргізетін делегациясының басшысы, сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи әлемдік державалар өкілдерімен келіссөздер Рождество мерекесіне байланысты уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Аракчидің айтуынша, Еуропа одағы сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонмен телефонмен сөйлескенінде келіссөздерді католиктік Рождество мерекесінен кейін бір аптадан соң бастауға ұйғарған.

Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері арасындағы кеңесу 19 желтоқсанда қайта жалғасқан еді. 21 желтоқсанда Аракчи кеңесу Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі уақытша келісімді іске асыру жолдарына қатысты келіспеушіліктен тым баяу жүріп жатқанын айтқан.

24 қарашада Женевада жасалған уақытша келісім бойынша, Тегеран уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтата тұруға, ал батыс елдері Иранға қарсы санкциялардың біразын жоюға уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG