Еуропа комиссиясы Сербияға 178,7 миллион еуро бөлуге арналған ұлттық жоспарды мақұлдады. Бөлінетін қаржы Сербияның мемлекеттік аппаратын, транспорт және энергетикалық жүйесін, ауылшаруашылығы саласы мен экологиялық мұқтаждықтарына жұмсалады.
Еуропа одағының сыртқы кеңею істері бойынша жоғарғы комиссары Штефан Фюле ресми мәлімдемесінде Брюссельдің Сербияны Еуроодаққа қосу туралы келіссөздерді бастауға келіскеніне және ассоциация туралы келісім-шарттың күшіне енгеніне байланысты 2013 жылды Сербия үшін "тарихи кезең" деп атады.
Фюленің айтуынша, Еуроодақпен ассоциация процесі барысында алты миллиард еуро көлемінде қаржы алады.
Өткен аптада Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Белградтың "реформалар жүргізу мен Косовомен қарым-қатынасын жақсартудағы жұмыстарын құптап", Сербиямен интеграция туралы келіссөздерді 2014 жылдың 21 қаңтарынан бастайтын болып шешкен.