Accessibility links

Египет: "Мұсылман бауырластар" - террористік ұйым


""Мұсылман бауырластар" қозғалысының мүшелері сотқа тартылып жатыр. Каир, 11 желтоқсан 2013 жыл.
""Мұсылман бауырластар" қозғалысының мүшелері сотқа тартылып жатыр. Каир, 11 желтоқсан 2013 жыл.
Египет премьер-министрі Хазем Беблауи бүгін "Мұсылман бауырластар" қозғалысын террористік ұйым деп жариялады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мұсылман бауырластар" қозғалысын террористік ұйым деп жарияламастан бірер сағат бұрын әл-Мансур қаласында полиция бекеті маңында бомба жасырылған көлік жарылып, 14 адам қаза тапқан еді. Жарылыстан 100-ден астам адам жараланған.

Премьердің баспасөз хатшысы жарылысқа "Мұсылман бауырластар" қозғалысын айыптады.

Жарылыстан бір күн бұрын "Әл-Қаида" ұйымына жақын "Ансар Беит әл-Махдис" тобы Египет әскерилері мен полицейлерін "содырлардың құрбаны болатынын" ескертіп, әскери қызметтен кетуге шақырған.

Билік бұл топты бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді шілдеде әскерилер қызметтен кетіргеннен кейін қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдар жасаған деп айыптайды.

Мурсидің биліктен алынғанына "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарының наразылықтары кезінде полициямен болған қақтығыстарда мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұдан соң Египетте "Мұсылман бауырлар" қозғалысы қызметіне тыйым салынып, жетекшілері қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG