Accessibility links

Pussy Riot мүшелері Мәскеуде жиын өткізбек


Pussy Riot мүшелері Надежда Толоконникова (сол жақта) мен Мария Алехина. 23 желтоқсан 2013 жыл.
Pussy Riot мүшелері Надежда Толоконникова (сол жақта) мен Мария Алехина. 23 желтоқсан 2013 жыл.
Pussy Riot панк-тобының бостандыққа шыққан мүшелері Надежда Толоконникова мен Мария Алехина 27 желтоқсанда Мәскеуде баспасөз жиынын өткізеді.

23 желтоқсанда Нижегородтағы түрмеден рақымшылықпен босап шыққан Алехина сол күні өзі сияқты рақымшылықпен бостандық алған серігі Толоконниковамен кездесу үшін бүгін Красноярскіге барды.

Толоконникованың күйеуі Петр Верзиловтың айтуынша, топ мүшелері мұнда екі күн болып, адам құқықтарын қорғау тобын құру жобасын пысықтайды. Толоконникова кеше Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында "түрмелердегі жағдайды оңалтуға жұмыс жасайтынын" мәлімдеген.

Толоконникова мен Алехина 26 желтоқсанда Мәскеуге ұшып барады.

Pussy Riot мүшелері Мария Алехина, Надежда Толоконникова және Екатерина Самуцевич Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді.

Кейін Самуцевичтің жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Толоконникова мен Алехина 23 желтоқсанда Ресейде жарияланған рақымшылықпен бостандыққа шықты.
XS
SM
MD
LG