Accessibility links

Первез Мушаррафтың соты кейінге қалдырылды


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф.
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф.
Пәкістанда бұрынғы президент Первез Мушаррафтың ісі бойынша бүгінге белгіленген сот тыңдауы оның қауіпсіздігіне байланысты келесі жылғы қаңтар айына қалдырылды.

Бүгін Исламабадта сот Мушаррафқа "мемлекетке опасыздық жасады" деген айып тақпақ болған. Бірақ экс-президент сотқа қатыса алмады. Мушаррафтың үйінен бір километр қашықтықта, ол жүруі тиіс жолдан жарылғыш құрылғы мен екі тапанша табылды.

Первез Мушаррафқа бұған дейін бірнеше айып тағылған. Олардың барлығы Мушаррафтың 1999-2008 жылы мемлекетті басқарып тұрған кездегі қызметіне қатысты. Мушаррафқа қастандықтан қаза тапқан бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоның қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеді деген де айып тағылған, Оның 2007 жылы елде төтенше жағдай жариялап, бірнеше судьяны тұтқындауға үкім еткені де сот назарына қайта ілінген.

Экс-президент өзіне қарсы істі "саяси тапсырыс, қолдан ұйымдастырылған" деп санайды, тағылған айыптардың бір де біреуін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG