Accessibility links

Петропавлда қаржы полициясы басшысын атып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының міндетін атқарушы Жандос Ахметовті атып өлтіріп кетті.

Қаржы полициясының хабарлауынша, Ахметовті 24 желтоқсан күні кешкі сағат сегіз шамасында Петропавлдағы үйінің кіре берісінде атып кеткен. Ахметовке бірнеше рет оқ атылып, оның бірі басына тиіп қаза тапқан. Оқиға бойынша "кісі өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Қаржы полициясы Ахметовке жасалған қастандықтың оның қызметімен байланысы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.

Жандос Ахметов қаржы полициясы органдарында 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. 2013 жылдың наурызында қаржы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.
XS
SM
MD
LG