Accessibility links

Египет экс-премьері Хишам Кандил қамалды


Египеттің бұрынғы премьер-министрі Хишам Кандил.
Египеттің бұрынғы премьер-министрі Хишам Кандил.
Египет полициясы бұрынғы президент Мұхаммед Мурси тұсында премьер-министр болған Хишам Кандилді қамауға алды. Египет билігінің хабарлауынша, Кандил қызметте болған кезінде сот шешіміне бағынбағаны үшін қамауға алынған.

Сәуірде сот Хишам Кандилді 1996 жылы сатылған компанияны мемлекет меншігіне қайтаруға бұйыра алмады деп бір жылға соттаған еді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кандил "Суданға қашпақ болған болған жерінен ұсталған".

Египет үкіметі 24 желтоқсанда Мурсиді жақтайтын "Мұсылман бауырластар" қозғалысын террористік ұйым деп жариялаған еді. Үкіметтің шешімінен бірер сағат бұрын Әл-Мансур қаласында полиция бекеті маңында жарылыс болып, 15 адам, оның ішінде 12 полиция офицері қаза тапқан. Египет үкіметі жарылысқа "Мұсылман бауырластар" қозғалысын айыптады.

Әскерилердің Мурсиді шілдеде биліктен алғанына "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарының наразылықтары кезінде полициямен қақтығыстар болып, мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұдан соң Египетте "Мұсылман бауырлар" қозғалысы қызметіне тыйым салынып, жетекшілері қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG