Accessibility links

Таиландта полиция мен демонстранттар қақтығысты


Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.
Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.
Бангкокта полиция бүгін таңертең келесі жылдың ақпан айына белгіленген парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырған демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, резеңке оқ атты.

Демонстранттармен қақтығыс стадион маңында, дауыс беру бюллетеньдеріндегі партиялардың нөмірлерін анықтау жұмыстары кезінде болған. Демонстранттар полицияға тас пен түрлі заттар лақтырған.

Таиландта премьер-министр Йинглак Чинаваттың отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциялары болып жатқанына үш айға жуықтады. Демонстранттар Йинглак Чинават белгілеген мірзімде сайлау өткізуге қарсы. Себебі, елде 2001 жылдан бері өткен барлық сайлауларда Чинаваттың туыстары немесе оның одақтастары жеңіп келген.

25 желтоқсанда Йинглак Чинават елдегі саяси дағдарысты реттеу үшін Ұлттық реформаторлық кеңес құруды ұсынған. Бірақ оппозиция ол ұсынысты қабылдамай, демонстрациялар мен азаматтық бағынбау акцияларын жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG