Ресейдің оңтүстігіндегі Иркутск облысында 26 желтоқсан күні бортында жүгі бар АН-12 ұшағы апатқа ұшырап, ондағы тоғыз адам түгел қаза тапты. Новосибирск қаласынан шыққан ұшақ Иркутск түбіндегі әскери қойманың үстіне барып құлаған.
Ресей қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, ұшақ құлауы салдарынан екі көлік бөлшектері қоймасының шатырлары қираған.
Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының деректері бойынша, Ресей мен өзге де пост-советтік елдерде әуе қауіпсіздігі ең төменгі деңгейде. 2011 жылы бұл елдерде ұшақ апаты оқиғалары әлем бойынша орташа көрсеткіштен үш есеге асып кеткен.