Accessibility links

Таиландта автобус апатынан 29 адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Таиландтың солтүстік-шығысында 26 желтоқсанда жолаушылар тасымалдап келе жатқан автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты.

Таиланд полициясының хабарлауынша, автобус түн ортасында жолдан шығып кетіп, жыраға барып аударылған. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа жүргізушінің қалғып кетуі себеп болуы мүмкін.

Куәгерлер автобус апатқа ұшырар кезде қатты жылдамдықпен келе жатқанын айтады. Автобуста барлығы 40 адам болған.

Апат болған жерге жақын маңда қазан айында зиярат етіп келе жатқан буддистер отырған автобус аударылып, 20 адам опат болған еді.
XS
SM
MD
LG