Accessibility links

Киевте журналиске шабуыл жасаған үшінші адам ұсталды


Украиналық оппозиция белсендісі әрі журналист Татьяна Чорновил ауруханада жатыр. Киев, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Украиналық оппозиция белсендісі әрі журналист Татьяна Чорновил ауруханада жатыр. Киев, 25 желтоқсан 2013 жыл.
Украина полициясы оппозициялық белсенді әрі журналист Татьяна Чорновилді соққыға жықты деген үшінші күдіктіні ұстады.

Украина билігі 26 желтоқсанда "оқиғаға байланысты парламенттің үш депутатынан жауап алынып жатқанын" хабарлаған. Бірақ депутаттардың аты-жөндері және олардың оқиғаға қандай қатысы бар екені айтылмады.

34 жастағы Чорновилді соққыға жықты деген үш күдіктінің екеуі осыдан екі күн бұрын ұсталған.

Киевтегі демонстрацияларда жиі сөйлеп жүрген Татьяна Чорновилді 25 желтоқсанға қараған түні Киев маңында көлігімен келе жатқанда белгісіз үш адам соққыға жығып кеткен еді. Шабуылдан ауыр жараланған журналист қазір Киевте ауруханада жатыр.

Шабуыл жасалардан бірер сағат бұрын журналистің үкімет өкілдерінің коррупциялық істері туралы мақаласы жарияланған еді.
XS
SM
MD
LG