Accessibility links

Окинава билігі АҚШ базасын көшіруді мақұлдады


Жапонияның Окинава аралындағы АҚШ-тың Футэмма әскери базасы.
Жапонияның Окинава аралындағы АҚШ-тың Футэмма әскери базасы.
Жапонияның Окинава аралының билігі үкіметтің осы префектурадағы америкалық Футэмма әскери базасын басқа жаққа көшіру туралы жоспарын құптады.

Жапония қорғаныс министрі бүгін Окинава губернаторының бұл шешімі оқшау территорияда жаңа әскери база құрылысын салуға жол ашады деп мәлімдеді. Префектураның халық тығыз қоныстанған бөлігіндегі Футэмма әуе базасы жабылмақ.

25 желтоқсанда Окинава губернаторы Хирокадзу Накаима кездескен премьер-министр Синдзо Абэ аралға 2021 жылға дейін қаржылай көмек көрсетілетініне уәде еткен.

Әскери базаны басқа жаққа көшіру аралдағы америкалық әскери базаларды біріктіру және әскери қызметкерлердің біраз бөлігін АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Гуам аралындағы әскери базаларына шоғырландыру жоспарының бір бөлігі саналады.

АҚШ Окинава аралында 26 мың әскери қызметкер ұстайды. Бұл - АҚШ-тың Жапониядағы әскери контингентінің жартысынан көбін құрайды. Бірақ арал тұрғындары мұнда америкалық әскерилердің орналасуына наразы. Жапониялықтардың көпшілігі әскери базалардың префектурадан басқа жақта болғанын талап етеді.
XS
SM
MD
LG