Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жоомарт Оторбаев бүгін Кеден одағына қосылу шарттары туралы жаңа жол картасы келесі жылдың көктеміне қарай дайын болатынын мәлімдеді.
Бірақ Оторбаев журналистерге қосымша дайындық жұмыстары одаққа мүше болу мерзімін кемінде бір жылға ұзартатынын айтады. Оның сөзінше, Қырғызстанға сауда орындары мен шекарасын жөндеу үшін Кеден одағынан 200 милилон АҚШ доллары қажет.
Қырғызстан билігі Кеден одағына кіру ниеті туралы өткен жылы білдірген еді. Бірақ осы айдың басында президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстан мемлекеттің мүдделеріне қайшы келетін шарттармен Кеден одағына кірмейтінін айтқан.
Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше Кеден одағы 2011 жылы құрылған.