Accessibility links

Қырғызстанда рақымшылық жарияланбақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қырғызстан билігі елде түрмелер мен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұтқындардың үштен біріне рақымшылық жариялауды жоспарлап отыр.

БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданғанына 65 жыл толуына орай жарияланатын рақымшылық бойынша барлығы 3 мыңға тарта тұтқын босатылмақ. Рақымшылық туралы заң жобасын парламент 26 желтоқсанда мақұлдаған, оған президент Алмазбек Атамбаев қол қойған соң күшіне енеді.

Қазір Қырғызстан түрмелерінде 10 мыңнан астам тұтқын бар. Қырғызстанда соңғы рет рақымшылық өткен жылы жарияланған.

БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған.
XS
SM
MD
LG