Accessibility links

Риддер кенішіндегі шахтада өрт шықты


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы Риддер-Сокольный кенішінде шахталардың бірінде өрт шыққан деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

«Алтын Тау Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кенішіне қарасты шахтада жергілікті уақыт бойынша сағат 03.24 кезінде қоқыс тұтанған. Өрт туралы дабыл түскен соң арада бір сағаттан астам уақыт өткенде шахтадан 132 адам жер бетіне шығарылған.

Сағат 06.24 шамасында өрт толық сөндірілген, төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG