АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Құрама Штаттарының "Әл-Қаидамен" күресу үшін Иракқа қажет көмектің бәрін беретінін" мәлімдеді.
Керри "Вашингтонның Иракқа әскер жібермейтінін" де айтып өтті. "Бұл - ирактықтардың күресі" дейді мемлекеттік хатшы.
Керридің бұл сөздері Ирак премьері Нури әл-Маликидің Анбар провинциясындағы "барлық террорлық топтардың жойылатыны" туралы мәлімдемесінен кейін айтылды. Экстремистер үкімет әскеріне екі қала - Фаллуджа мен Рамадиде қатты қарсылық көрсетіп жатыр.
Азаттықтың Ирак қызметінің хабарлауынша, Фаллуджаның 60 пайыз территориясын "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар мен үкіметке қарсы күштер басып алған.