Accessibility links

Қытайда мешітте кептелістен 14 адам қаза болды


Қытайдағы мешіттердің бірі, Цинхай провинциясы. Көрнекі сурет.
Қытайдағы мешіттердің бірі, Цинхай провинциясы. Көрнекі сурет.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында 5 қаңтарда мешітте болған кептелісте 14 адам аяққа тапталып мерт болып, 10 адам жараланды.

Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, төтенше оқиға Гуюань қаласындағы мешітте түстен кейін марқұм болып кеткен діни қайраткерге арнап ас беріліп жатқан кезде болған. Кептелістің неден туындаған әзірге белгісіз. Зардап шеккен 10 адамның төртеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Нинся-Хуэй автономиялық ауданын қытай тілінде сөйлейтін саны аз хуэй ұлты мекендейді. Хуэйлер Қытайда исламның ханафиттік тармағын ұстанады.
XS
SM
MD
LG