Accessibility links

Иран: Иракқа әскери көмек беруге дайынбыз


Иран армиясы бас қолбасшысының орынбасары Мохаммад Хеджази.
Иран армиясы бас қолбасшысының орынбасары Мохаммад Хеджази.
Иран "Әл-Қаидамен" соғысып жатқан Иракқа көмек беруге дайын. Иран ресми ақпарат агенттігінің бүгін хабарлауынша, Иран армиясы бас қолбасшысының орынбасары генерал Мохаммад Хеджази Тегеран ресми Бағдад көмек жәрдем сұраса "әскери техника мен кеңесшілерін жіберуге" дайын екенін айтқан.

Ирак қауіпсіздік күштері мен кейбір сүнниттік тайпалар елдің батысындағы Анбар провинциясында "әл-Қаида" ұйымының осы елдегі қанаты - "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобымен соғысып жатыр. Бұл топ қаңтардың басында Фаллуджа қаласы мен Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласының біраз бөлігін басып алған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 5 қаңтар күні өз елі Ирак билігінің "Әл-Қаидамен" соғысын қолдайтынын, бірақ көмекке әскерін жібермейтінін айтқан.

Анбар провинциясындағы қақтығыстар осыдан бір апта бұрын Ирак қауіпсіздік күштері сүнниттердің наразылық шерулерін қуып таратқаннан кейін басталған.
XS
SM
MD
LG