Accessibility links

Египетте Мурсидің соты кейінге қалды


Мурсидің соты шегерілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

Мурсидің сотына келген адвокаттары. Каир. 8 қаңтар, 2014 жыл.

Каирде Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің ісі бойынша қайта жалғаспақ сот тыңдауы кейінге қалды.

Полиция академиясында өтеді деген сотқа Мурсиді жеткізу екі күннен бері мүмкін болмады. Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Мурси Александрия қаласындағы түрмеде жатыр. Сот енді 1 ақпанға шегерілді.

Мурси мен оның "Мұсылман бауырлар" қозғалысындағы 14 жақтасы 2012 жылы көшеге шыққан оппозицияшыл демонстранттардың қазасына арандатушылық жасады деп айыпталып отыр. Айыптары дәлелденген жағдайда олар өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Мұхаммед Мурси Египетті 30 жыл басқарған Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілген соң, 2012 жылдың маусымында жалпыхалықтық төте сайлау жолымен президент болып сайланған. Ал 2013 жылдың жазында елде исламшылдар ықпалының артуын тоқтатып, демонстранттардың басып-жанышталуын тиюды талап еткен жаппай шерулерден соң елдің қарулы күштері Мурсиді президенттіктен мәжбүрлеп кетірді.

Мурси мен оның серіктеріне қатысты сот 2013 жылдың қарашасында басталған.
XS
SM
MD
LG