Accessibility links

Швейцариямен арадағы салық жеңілдігі мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті мәжілісі осы ел мен Швейцария үкіметтері арасындағы табыс пен капиталдан екі рет салық алуды болдырмау туралы конвенцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Қаржы вице-министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, құжат екі ел арасында екі рет салық салу мәселесін реттемек. Дәленовтің түсіндіруінше, конвенция болмаған жағдайда Швейцария мен Қазақстанда жылжымайтын мүлкі бар және екі елдің бірінде табыс тауып отырған адам екі мемлекетке де салық төлейді. Конвенция мақұлданса, екі елдің бірінде ғана салық төлеу тәртібі енгізіледі.

Қаржы вице-министрі "заң жобасының мақсаты - Швейцария мен Қазақстанның салық органдары арасында ақпарат алмасып, салықтан жалтарудың алдын-алуда ынтымақтастық орнату" деді.
XS
SM
MD
LG