Accessibility links

Бішкекте халықаралық террористік ұйымның мүшесі деген күдікпен екі адам ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 8 қаңтарда таратқан ақпараты бойынша, ұсталғандар - Сириядағы соғысқа қатысқан шетел азаматтары. Олар Қырғызстанға жалған құжаттармен заңсыз кіріп, ол жерден Сириядағы соғысқа адам тартпақ болған.

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG