Accessibility links

Ливия: Көтерілісшілер портынан мұнай тасытпаймыз


Ливия премьер-министрі Әли Зейдан.
Ливия премьер-министрі Әли Зейдан.
Ливия премьер-министрі Әли Зейдан сепаратистер бақылауындағы порттарға мұнай тиеуге беттеген мұнай танкерлерін үкімет әскері суға батырып жберуі мүмкін екенін ескертті.

"Біз сепаратистер басып алған порттардан мұнай тасымаладуға танкер жіберетін кез-келген мемлекет, компания немесе топтармен мәселенің басын ашамыз. Қажет болса танкерлерді суға батырып немесе жойып жіберуге дейін барамыз" деп мәлімдеді ол.

5 қаңтарда ливиялық кемелер көтерілісшілер басып алған айлаққа бара жатқан, Мальта туын таққан кемеге ескерту ретінде оқ атқан еді.

Ал Ливияның шығысында өзін-өзі жариялаған Киренаика үкіметі мұнай тасымалдауды қайта жандандыруға уәде берген. Киренаика үкіметінің атқарушы бюро жетекшісі Абд Рабу әл-Барасси Ливанның Ас-Сидр бұғазынан мұнай таситын танкерлер қорғауға алынатынын айтады.
XS
SM
MD
LG