Accessibility links

Ауғанстан ондаған тұтқынға рақымшылық жасамақ


Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан үкіметі АҚШ-тың қарсылығына қарамастан түрмеде отырған ондаған адамды бостандыққа шығаратынын мәлімдеді. Ресми Вашингтон тұтқындарды босату Ауғанстанның өз қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін дейді.

Тұтқындарды босату туралы шешім Кабулда президент Хамид Карзайдың басшылығымен өткен кездесуден кейін жарияланды. Карзайдың өкілі Аймал Файзидің айтуынша, Вашингтон аса қауіпті деп санайтын 88 тұтқынның 72-сі бостандыққа шығады.

АҚШ бұл тұтқындардың шетел әскеріне жасалған шабуылдарға қатысы барына дәлелдер жеткілікті екенін айтып, оларға рақымшылық жасауға қарсы болып отыр.

Хамид Карзай бұған дейін АҚШ-пен арадағы қауіпсіздік пактісіне әзірше қол қоюдан бас тартқан соң екі ел арасындағы қарым-қатынас салқындай бастаған еді. Пактіде Ауғанстаннан шетел әскері шығарылғаннан кейін де бұл елде АҚШ әскерін қалдыра беру жайы қарастырылған.
XS
SM
MD
LG