Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты 9 қаңтарда Ресейді соңғы он жыл көлемінде із-түзсіз жоғалған 36 шешен ер азаматтарының отбасыларына 1,9 миллион еуро (2,6 миллион АҚШ доллары) өтемақы төлеуді міндеттеген шешім шығарды. Сот Ресейді Шешенстанда ұзаққа созылған қақтығыстар кезінде адам құқықтарын бұзды деп айыптайды.
Страсбург сотының шешімінде 2000-2006 жылдары 36 шешен азаматының із-түзсіз жоғалғанына Ресей қауіпсіздік күштері жауапты емес екенін Мәскеудің дәлелдей алмағаны айтылған. Жақындары жоғалған шешен отбасыларының адвокаттары оларды Ресей әскерилері ұстап әкеткенін дәлелдейтін айғақтар келтірген.
Отбасылары жақындарымен жоғалғаннан бері байланыса алмаған.
Ресей жағы Еуропа сотының шешіміне шағымдана алады.