Accessibility links

АҚШ Сомалиге әскери кеңесшілер жіберді


Қауіпсіздік қызметкерлері жарылыс болған орында жүр. Могадишо, Сомали, 2 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қауіпсіздік қызметкерлері жарылыс болған орында жүр. Могадишо, Сомали, 2 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ Сомали астанасы Могадишоға әскери кеңесші ретінде бес адам жіберді.

Пентагон өкілінің айтуынша, америкалық әскерилердің міндеті – «Әл Қаида» ұйымымен байланысы бар «Әл-Шабаб» исламшыл тобына қарсы күресіп жатқан Сомали мен Африка одағы күштеріне көмек көрсету болмақ.

АҚШ үкіметі Сомалиге соңғы 20 жылда алғаш рет әскери қызметкерлерді жіберіп отыр. 1993 жылы қазанда Сомали астанасында Мұхаммед Айдидтің қарулы жасағы АҚШ-ың екі тікұшағын атып түсіріп, америкалық 18 сарбаз мерт болған еді. Сол оқиғадан кейін АҚШ Сомалиден әскерін алып кеткен.
XS
SM
MD
LG