Accessibility links

Шарон өліміне әлем саясаткерлері көңіл айтып жатыр


Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шарон. 2005 жыл.
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шарон. 2005 жыл.
Әлем саясаткерлері Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронның өліміне қатысты мәлімдеме жасап жатыр.

Шарон 11 қаңтар күні қайтыс болды. Израиль генералы инсульттан соң сегіз жыл есін жимай, төсек тартып жатты. Ол биыл 85 жасқа келген еді.

АҚШ президенті Барак Обама Шаронды "еврей мемлекетіне адал берілген тұлға" санайтынын мәлімдеген. АҚШ вице-президенті Джо Байден Шаронда жерлеуге қатысатынын хабарлады.

Германия канцлері Ангела Меркель Шаронды "Израиль патриоты» деп атады. Ал Франция президенті Франсуа Олланд пен ЕО президенті Херман Ван Ромпей Израильге көңіл айтты.

Шарон әскермен жер басып алу операцияларын жүргізген, ол жерлерге еврей қоныстарын салған. 2005 жылы ол Газа секторындағы еврей қоныстарында тұратын адамдарды Израильге көшіру туралы жарлық берген еді. Генералды Израиль үкіметі соңғы сапарына құрметпен шығарып салмақ.

Ал палестиналық "ХАМАС" тобы "Шарон өлімі туралы ақпаратқа қуанғандарын" мәлімдеп, оны "қылмыскер" деп атады.

Ариэль Шарон дүйсенбі күні жерленеді.
XS
SM
MD
LG