Accessibility links

Ауғанстан ФИФА-ның Fair Play жүлдесін алды


Ауғанстан-Пәкістан футбол матчы. Кабул, 20 тамыз 2013 жыл.
Ауғанстан-Пәкістан футбол матчы. Кабул, 20 тамыз 2013 жыл.
ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) Ауғанстан футбол федерациясын ұйымның 2013 жылғы Fair Play ("Әділ ойын") сыйлығымен марапаттады.

13 қаңтар күні Цюрихте өткен ФИФА-ның "Алтын доп" сыйлығын марапаттау кезінде Fair Play комитетінің мүшесі Токио Сексвале "Ауғанстан футбол федерациясы жергілікті футболды дамытуға күш салды, елдегі зорлық-зомбылық пен күйзеліс кезінде ұлттық лига құра алды" деп мәлімдеді.

Сексвале "Ауғанстан футбол федерациясы барлық қиындықтарға қарамастан футболдың ауқымын кеңейтіп, оған әйелдерді де қатыстыра бастады және көршілес Пәкістанмен соңғы он жылда болмаған матч өткізіп, аймақтағы шиеленісті бәсеңсітуге септесті" дейді.

Сыйлықты Ауғанстан футбол федерациясының президенті Карим Керамуддинге Иордания ханзадасы, ФИФА-ның Азия құрлығы бойынша вице-президенті Әли бин Әл-Хусейн тапсырды.
XS
SM
MD
LG