Accessibility links

Египеттіктер жаңа конституцияға дауыс береді


Египеттегі шеру. 10 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Египеттегі шеру. 10 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Египеттіктер бүгін қайта түзілген конституция жобасына қатысты референдумда дауыс береді. Зайырлы комиссия даярлаған конституцияның жаңа жобасында 2012 жылы әскерилер биліктен тайдырған президент Мұхаммед Мурси тұсында жасалған конституциядағыдай ислам шарттары жоқ.

Жаңа конституция жобасын қолдаушылар оны жеке адамның бостандықтарына, діни еркіндікке және әйелдер құқықтарына кепіл береді дейді. Ал оны сынаушылар жобада Египет әскерилеріне айрықша құқықтар қарастырылған деген пікір айтады.

Екі күнге созылатын референдумда 53 миллионға тарта египеттік дауыс береді.

Референдум үкімет Мурси биліктен кетірілгеннен кейінгі демократияны қалпына келтіру жоспарының маңызды бөлігі саналады.
XS
SM
MD
LG