Accessibility links

Сирияға донор елдер жиыны басталды


БҰҰ-ның гуманитарлық көмегін тасымалдап бара жатқан көліктер. Сирия, 13 қаңтар 2014 жыл.
БҰҰ-ның гуманитарлық көмегін тасымалдап бара жатқан көліктер. Сирия, 13 қаңтар 2014 жыл.
Кувейтте БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның төрағалығымен донор елдердің Сирия тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды. Жиында Сириядағы қақтығыстардан жараланып, зардап шеккен, жұмыстары мен үйлерінен айырылған босқындарға 6,5 милилард АҚШ долларын бөлу мәселесі қарастырылмақ.

Гуманитарлық көмек беру жөніндегі конференция осымен екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы халықаралық қауымдастық Сирия тұрғындарына 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржылай, материалдық және азық-түлік түрінде көмек көрсеткен.

Кувейттегі конференцияға АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысып отыр. Олар 13 қаңтарда "Сирия билігі мен оппозиция зардап шеккендер мен босқындарға гуманитарлық көмектің жеткізілуіне жол ашуға келіскенін" хабарлаған.

Бірақ Human Rights Watch ұйымы "Сирия билігі мұқтаж азаматтарға гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтіріп отыр" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG