15 қаңтарда Киев соты қала орталығында былтырғы қарашаның ортасынан бері жалғасып келе жатқан үкіметке наразылық шерулерін өткізуге тыйым салды.
Сот қала басшылығының Киевтің орталығында 8 наурызға дейін тұрғындардың ауқымды наразылық шерулерін өткізуіне тыйым салуды сұраған өтінішін қанағаттандырған. Қала басшылығы шағымда наразылық шерулері "ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және азаматтардың еркіндігі мен бостандығына" нұқсан келтіреді деген. Сот шешімі 8 қаңтарда шыққанымен, ол тек 15 қаңтарда жария болды.
Cот Киевтің Тәуелсіздік алаңы, Еуропа және Михайловский алаңдары мен оларға жапсарлас жатқан көшелерде және Шевченко паркінде бейбіт жиындар, митингілер мен пикеттер өткізуге, дауыс ұлғайтқыштар мен автотехникаларды, плакаттарды қолдануға және шатырлар мен лагерлер тігуге тыйым салған.
Қазір қаланың орталығындағы алаңдарда президент Виктор Януковичтің Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартып, Ресеймен жақын байланыс ұстау шешіміне наразылық танытқан мыңдаған адам жиналған.
Бұған дейінгі шерулерде жүз мыңдаған адам жиналып, демонстранттарға Еуропа одағы мен АҚШ-тың жоғары шенді шенеуніктері барған еді.